Жалпы мектеп ата-аналар жиналысы.

Жалпы мектеп ата-аналар жиналысы.

2025 жылдың 19 мамырында жалпы мектеп ата-аналар жиналысы өтті.

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысында өте маңызды мәселелер талқыланды. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, Бурабай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Мурзакаев А.Н. шақырылып, 3 негізгі мәселені көтерді:

1. Жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2. Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары (суда ата-анасынсыз кәмелетке толмағандардың болғаны үшін – әкімшілік жауапкершілік)

3. Көпқабатты үйлердегі балалардың терезеден құлауы.

Сондай-ақ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Амержанова сөз сөйледі; балаларды жазғы жұмыспен қамту және мектеп жанындағы лагерь мәселелері талқыланды. Әлеуметтік педагог Мускен М.Е. «Мектепке жол» акциясымен таныстырды – бұл жекелеген санаттағы оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету (өтінімдер 13 маусымға дейін қабылданады).