«Оқи білу қандай керемет!» ұранымен мектепке дейінгі ұйымдар онкүндігінің екінші күні өтті.

Таңертеңнен бастап мұғалім М.В Галимджановамен «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.Шағын орталықтың тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге суреттерді безендіруде жемісті жұмыс жасады.Бұлар көңілді ертегілер«Бауырсақ» - Тюшнякова Ульянаның жұмысы,керемет «Қызыл телпек»- Чумак Кристинаның жұмысы, жұмбақ «Лунтик және достары»- Бейсембаев Камилдің жұмысы, мұңаймайтын «Маша мен аю»- Кузнецов Евгенийдің жұмысы, мейірімді «Лунтик» - Моисеева Милананың жұмысы және басқа да көптеген жұмыстар жасалды. Барлық ата-аналарға қолдау көрсетіп, көмек көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.

Балалар бар ынтасымен сиқырлы ертегі кейіпкерлерінің суретін салып, ал түстен кейін «Гүлдер» тобында педагог А.Е Сулейменовамен «Ертегі ізімен!» викториналық ойыны өткізілді. Сондай-ақ, балалармен түрлі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізілді, олар бейнефильмдер мен ойындарды көрумен бекітілді.

Шағын орталықтың әдіскері