ҰСТАЗДАРЫМЫЗБЕН МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!
05.10.2026
ҰСТАЗДАРЫМЫЗБЕН МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!
Бүгін мектебімізде қуанышты әрі маңызды оқиға орын алды. Мектебіміздің педагогі — Сейдахметова Гульжазира Имангазиевна — «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат — ұстазымыздың кәсіби шеберлігінің, көп жылдар бойы адал еңбегінің, жауапкершілігі мен педагог мамандығына деген шынайы адалдығының лайықты бағасы.
Біз осындай тамаша ұстаздардың біздің ұжымда еңбек ететініне мақтанамыз. Олардың еңбегі зор құрмет пен жоғары бағалауға әбден лайық.
Гульлжазира Имангазиевнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және кәсіби толағай табыстар тілейміз!

Просмотров: 319